Бағалау матрицасы: «қызыл» және «сары» аймақтағы өңірлерге қатысты өзгеріс жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның екі облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

көрнекі фото

Денсаулық сақтау министрлігі 12 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

12 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр: Ақмола, Павлодар облыстары.

«Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта. Республиканың өзі коронавирустың таралу қаупі бойынша «жасыл» аймақта тұр.