$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.02.2021, 13:22
Қоғам

Елімізде пандемия кезінде ажырасу азайған

Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында көрсеткіш азайған

 

Елімізде пандемия кезінде ажырасу азайған
Фото: ашық дерек көздерден

Қазақстанда коронавирус кезінде ажырасу үш есе азайды. Сонымен қатар, үйлену көрсеткіші 16 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылдың үш тоқсанында 87,6 мың үйлену мен 17,3 мың ажырасу тіркелген. 2019 жылмен салыстырғанда, көрсеткіштер, сәйкесінше, 15,7 пайызға және 2,6 пайызға қысқарған.

Басылым әлемнің өзге елдеріндегі жағдай туралы да жазған. Мәселен, BBC News мәліметінше, 2020 жылы карантин кезінде Ұлыбританияда ресми ажырасқандар саны шамамен 20 пайызға артқан. Канада мен Қытайда да жағдай мәз емес. 

2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ажырасу мен неке қатынасы рекордтық төмен көрсеткіш көрсетті - 19,8 пайыз. Өткен жылы бұл көрсеткіш, керісінше, жоғары рекордтық теріс мәнге ие болды - 43,5 пайызға жетті.

Елде 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тіркелген некенің 69 пайызы қалаларда қиылған. Оның көрсеткіші (60,4 мың) өткен жылмен салыстырғанда 17,5 пайыз төмен. Ал ауыл- аймақтардағы неке саны 11,6 пайызға - 27,2 мыңға қысқарған.

Елдегі 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегінде тіркелген 73,4 пайыз ажырасу қалада болған - 12,7 мың. Ал ауылда 26,6 пайыз ажырасу тіркелді, ол 4,6 мың некенің бұзылғанын білдіреді. Қалада да, ауылда да ажырасулар саны 2,6 пайызға қысқарған.

Қазақстанның барлық өңірінде неке саны қысқарған. Мысалы Шымкентте 27,4 пайызға, Қостанай облысында 19,8 пайызға және Алматыда 18,3 пайызға, Қызылорда облысында 10,2 пайызға, Павлодар облысында 10,5 пайызға және Түркістан облысында 11 пайызға азайған.

Ажырасу саны да еліміздің біраз өңірінде азайған. Мысалы Қызылорда облысында төрт есе, Атырау облысында 3,7 есеге және Батыс Қазақстан облысында 3,1 есе азайған.

Серіктес жаңалықтары