Алматыда LRT салу үшін кемінде 123 млрд теңге қажет

Azattyq Rýhy
29.11.2019, 14:07

Әзірге бұл мега-жобаның қай уақытта салынатыны белгісіз

фото: Батыржан Беспаев

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есебіне сүйенсек, бұл қаражат тек құрылыс-монтаждау жұмыстарына кетеді.

«Мәселе Алматыда LRT құрылысы бастала ма, жоқ па, онда емес. Құрылысты бастау үшін не керек? Құрылыстың қаншаға түсетінін есептеу керек, мәселе сонда. Ол шығындарды кім төлейді деген мәселені анықтау керек», - дейді Алматы қаласының әкімі.

Қазір әкімдік Алматыда LRT жобасын енгізу үшін қанша уақыт пен қаражат керек екенін есептеп, Ұлттық экономика министрлігіне өткізген. Үкімет жобаны мақұлдағанда ғана, оған жұмсалатын қаржы көлемін және орындалу мерзімі туралы айтуға болады.

«Қазір жасалған жоба бар, сол жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары шамамен 123 млрд теңгеге шақ. Бұл тек құрылыс-монтаждау жұмыстарының шығыны ғана. Бұл ақша қайдан келеді? Бұл мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жоба болғандықтан, ол қаражат мемлекеттен және тағы бір көзден тартылуы керек. Тартылған қаражатты кейін қайтару керек, оның үстіне, ол ақша өзін-өзі ақтап қана қоймай, пайдасын әкелу керек», - дейді Б.Сағынтаев.

Жаңа автобустар, автобус жолақтарын қамтитын LTR іске қосылса, әкім жолақы қымбатқа түсетінін жоққа шығармады. Ал, халықтың қалтасына салмақ түсірмеу үшін әкімдік оны субсидиялау керек. Бақытжан Сағынтаев мәлім еткендей, қазірдің өзінде троллейбус, метро және автобустағы жолақыны тұрақты сақтап тұру үшін әкімдік жыл сайын шамамен 30 млрд теңге қарастырып отырады.

«Іс жүзінде субсидиялауға жылына шамамен 24-25 млрд теңге анық кетеді. LTR салынса, оның жолақысын да субсидиялау керек. Осы және өзге де мәселелерді жазып, Ұлттық экономика министрлігіне тапсырдық, енді Үкіметтің шешімін күтеміз», - деді ол.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
‡àãðóçêà...
Өзге де қызықты мақалалар
Қисайған үйдің тұрғындары көшіріледі – Алматы әкімдігі
Министр тараздық кәсіпкерге мемлекеттік награда тапсырды
Ақтауда 268 отбасыға пәтер кілті табысталды

Сұхбат
«Абайдың 45 сұрағы» жобасының кезекті қонағы - филолог, абайтанушы Омар Жәлел
Ирактан Қазақстанға қайтарылған 14 баланы ортаға бейімдеу жұмыстарымен айналысып жатқан психолог мамандармен сұхбат
Бүгін сайтымызда саясаттанушы Айдос Сарыммен болған сұхбат жарияланды
Уролог-андролог маман Максет Рысбаев дені сау сперматозоидтар шығара алмайтын жігіттердің көбеюінің бір себебі - туғаннан жаялығы шешілмейтін балалар санының артуымен деп есептейді