Олардың бәрі Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген
8 ақпанда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь және Қырғызстан елдерінен 9 халықаралық әуе рейсімен 1 252 жолаушы келді. Олардың ішінде 1060 адамда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 192 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 7 ақпанда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың бәрі Нұр-Сұлтан әуежайына Дубай қаласынан ұшып келген.