ШұғылАналық капитал: депутаттар дүниеге келген әр сәбиге 4,2 млн теңге төлеуді ұсынды

Алматы облысында үш елдімекенді су басты - ТЖМ

40 үйдің ауласы су астында қалған

Алматы облысында ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын мен қар еруіне байланысты жеке тұрғын үйлердің ауласын су басты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Нақтырақ айтқанда, Алматы облысындағы Ескелді ауданының Ешкіөлмес және А.Алдабергенов ауылын, сондай-ақ Көксу ауданының Талапты ауылын су басқан.

«8 ақпан күні түнде Алматы облысының ТЖД-ға 3 елді мекенінде жеке тұрғын үйлердің 40 ауласы су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері Ескелді ауданы Ешкіөлмес ауылындағы оқиға орнынан 10 адамды эвакуациялады және олар орта мектепке орналастырылды. Мотопомпалар арқылы суды сорды. ТЖД-да жедел штаб құрылып, жедел желі жұмыс істеп жатыр. Қазір арықтарды тереңдету, үйінді бөгет салу және еріген суды бұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді ведомствоның ресми өкілі.

Cу басқан жерлерді ретке келтіру үшін 67 қызметкер, 15 бірлік техника, 18 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 28 қызметкер, 5 бірлік техника және 5 бірлік мотопомпа, АПБ 7 қызметкері, 3 бірлік техника жұмылдырылды.