09.02.2021, 14:50
Қоғам
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Олардың бәрі Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген
көрнекі фото
8 ақпанда Қазақстан аумағына Мальдив, БАӘ, Түркия, РФ, Беларусь және Қырғызстан елдерінен 9 халықаралық әуе рейсімен 1 252 жолаушы келді. Олардың ішінде 1060 адамда теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-анықтамасы болса, қалған 192 жолаушыда тиісті анықтама болмаған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
- Алматы әуежайына – 5 рейс (800 жолаушы, анықтамамен - 626, анықтамасыз – 174);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (310 жолаушы, анықтамамен - 295; анықтамасыз – 15);
- Ақтау әуежайына – 1 рейс (135 жолаушы, анықтамамен - 132; анықтамасыз – 3);
- Қарағанды әуежайына – 1 рейс (барлық 7 жолаушы анықтамамен келген).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 7 ақпанда Қазақстанға ПТР-анықтамасыз келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды. Олардың бәрі Нұр-Сұлтан әуежайына Дубай қаласынан ұшып келген.
Көп оқылған
20.07.2026, 16:32
Әлем чемпионаты финалындағы жеңіліс себеп болды: Аргентина астанасында жанкүйерлер бүлік шығарды (ВИДЕО)
20.07.2026, 08:29
Атырау – Ақтөбе пойызында билетсіз жолаушы қайтыс болды
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті