Қаланы қардан тазарту жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде
8 ақпанда елордадағы қар тазалау жұмысына 1200-ге жуық арнайы техника, сондай-ақ, 2 мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласында қар жинау жұмыстары екі ауысымда жүргізілуде. Бірінші кезекте жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер, яғни алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. қардан тазартылады», - делінген хабарламада.
7 ақпаннан 8-іне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 800-ден астам арнайы техника мен 100-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылды. Өткен тәулікте 39,5 мың текше метр қар шығарылды.
7 ақпаннан 8 ақпанға қараған түні қаладан 20 376 текше метр қар шығарылды.