Алматыда былтыр 42 мыңнан астам бала дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

900-ге жуық нәресте кесарь тілігі арқылы өмірге келді

 

Алматыда 2020 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша 42019 бала дүниеге келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мысалы, қалалық №2 перзентханада 5,5 мыңға жуық бала, 2937 ұл және 2750 қыз бала туған.

900-ге жуық нәресте хирургиялық араласу арқылы кесарь тілігі арқылы дүние есігін ашты. Перзентхананың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова атап өткендей, жедел босануға негізгі көрсеткіштер: жатырдағы тыртық, ұрықтың жамбаспен келуі, ұрықтың қауіпті жағдайы, клиникалық тар жамбас жатады.

«Өткен жылы ауыр дәрежелі преэклампсиясы бар 10 әйел босанды. Статистикаға сәйкес, бұл патология – ана өлімінің басты себептерінің бірі. Барлық 10 әйел сәтті босанды», - делінген хабарламада.