01.02.2021, 11:27
Қоғам
Атырау облысында оқушылардың бір бөлігі дәстүрлі оқыту форматына көшті
Бірінші курста оқитын бірқатар колледж бен ЖОО студенттеріне де рұқсат етілді

көрнекі фото
Атырау облысының бас санитар дәрігері қаулысына сәйкес, өңірдегі мектеп оқушылары мен студенттерінің бір бөлігі 1 ақпаннан бастап дәртүрлі оқыту форматына көшеді.
Бас санитардың қаулысы:
- 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаған кезде дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілсін;
- жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып, оқытуға рұқсат етілсін;
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат етілсін;
- бітіруші сыныптар үшін (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні ішінде аралас оқыту: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан оқытуға рұқсат етілсін;
- техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының (колледждер) І курс студенттері мен жоғары оқу орындарының І курс студенттерін штаттық режимде оқытуға рұқсат етілсін;
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асырып отырған Атырау облысының тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитар дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Қаулы 2021 жылғы 1 ақпан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
18.10.2025, 11:12
«Бір күні қайта кездесеміз»: Кәмшат Жолдыбаева жан сырын бөлісті
18.10.2025, 16:18
Жаңбыр мен қар жауып, үсік жүреді: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
18.10.2025, 21:20
«Алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!»: Мұқасанның сыйлығы Мақпал Жүнісованы қатты қуантты (ВИДЕО)
18.10.2025, 20:00
Ұшақ ішінде түсірілген қорқынышты видео әлеуметтік желіде таралып кетті
18.10.2025, 12:57
Динара Сәтжан қонақтарға зәулім үйін көрсетті (ВИДЕО)
18.10.2025, 07:41
Астанада аула сыпырып жүрген бір топ жұмысшыны полицейлер ұстап әкетті