«7-20-25» бағдарламасы бойынша 29 мың өтінім мақұлданды

Автор: Azattyq Rýhy

Бағдарламамен несие алу үшін 50 753 адам өтініш өткізген

Фото: zakon.kz

Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша несие алуға 50 753 өтінім қабылданды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ү«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 28 қаңтардағы жағдай бойынша несие алуға 598,4 млрд теңгеге 50 753 өтінім қабылданды. Нәтижесінде 348,7 млрд теңгеге 29 435 өтінім мақұлданды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйді тұрақты кірісі бар және өтініш беру кезінде жеке баспанасы жоқ Қазақстан азаматы ғана ала алады. Бағдарлама бойынша сыйақы мөлшері жылына – 7%. Ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна 20%-дан басталады. Несие мерзімі – 25 жыл.