Мәжіліс қоғамда дау тудырған заң жобасын кері қайтарып алды

Автор: Azattyq Rýhy

Жақында Мемлекет басшысы заң жобасына қатысты барлық пікір ескерілуі тиіс екенін жеткізді

Ирина Смирнова, фото: parlam.kz

Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті қоғамда шу туғызған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу жайлы шешім қабылдады.

Төменгі палата депутаты Ирина Смирнова Sputnik.kz тілшісіне заң жобасы 10 айдан астам парламент қабырғасында талқыланып жатқанын айтты.

«Жұмыс топтары заң жобасымен жұмысты тоқтатқан жоқ. Қазіргі заң – мүлде басқа құжат. Парламенттен бөлек, заң жобасымен тағы 55 ұйым жұмыс істейді. Қазір көбі депутаттарға жала жабуда, құжатта мүлде болмаған баптарды айтып жатыр», - дейді депутат.

Айтуынша, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова заң жобасын кері қайтару және оның мазмұнын жетілдіру туралы шешім қабылдаған.

«Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы нормаларды тағы бір мәрте қарау және заң жобасына тағы бір рет тәуелсіз бағалау жүргізу үшін заңды қайтарып алды. Заң жобасымен жұмыс қанша уақыт қажет болса, сонша жалғасады», - деп нақтылады депутат.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Мәжілісте «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы мен қазіргі заңдарға енетін өзгерістер бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.

Жақында заң жобасына қатысты жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та пікір білдіріп, барлық пікір ескерілуі тиіс екенін жеткізді