Биыл елімізде 1400 әйелге зорлық көрсетілген. Мұндай оқиға саны бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында бірінші орында тұр
Биыл елімізде 1400 әйелге зорлық көрсетіліп, 115 мыңы соққыға жығылған. Мұндай оқиға саны бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында бірінші орында тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Зорлық-зомбылықты азайту мақсатында Талдықорғанда үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестік өкілдері, жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бас қосты. Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференцияда мамандар өзекті мәселені талқылап, өз ұсыныстарын жасады. Олардың айтуынша, жыл басынан бері елімізде 680 жасөспірімге жыныстық зорлық көрсетілген.
«Сандарға жүгінетін болсақ, 40 миллион халқы бар Украинада 400 адам жыныстық қатынасқа мәжбүрленген. Ал, бізде 18 млн адамның 1400-іне зорлық көрсетіліп отыр. Біздің қоғамда не дұрыс емес? Қандай шаралар қабылдау қажет? Осындай қиын жағдайдан шығар жол іздеп жатырмыз. Оның шешімі біреу. Яғни, қоғам болып күрескен жағдайда ғана нәтиже болады. Мамандар «қалыптасқан жағдайды жақсартуға қарастырылып жатқан жаңа заң ықпал етеді», - деді «НЕМОЛЧИДЕТИ.KZ» қоғамдық қорының директор Алмат Мұхаметжанов.