Олар 20 қаңтарда Минск, Дубай, Шарм-эль-Шейх қалаларынан келген
21 қаңтарда Қазақстан аумағына Иран, Мальдив, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей және Өзбекстан елдерінен 13 халықаралық әуе рейсімен 1 888 жолаушы келді. Олардың 1 471-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, қалған 417 жолаушы тиісті анықтамасыз келген.
Оның ішінде:
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ, 20 қаңтарда анықтамасыз келген 258 ҚР азаматының 10-нан коронавирус анықталды. Олардың ішінде 6 жолаушы Минскіден Нұр-Сұлтан қаласына, 3 жолаушы Шарм-эль-Шейхтен Нұр-Сұлтан қаласына, тағы бір жолаушы Дубайдан Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген.