$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.01.2021, 12:30
Қоғам

Маңғыстау тұрғынының вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады

Өңірлік департаменттегілер бұл ақпаратты жоққа шығарды

Маңғыстау тұрғынының вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарады
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғыны вакцина салдырғаннан кейін қайтыс болды деген ақпарат тарады. Желіде тараған ақпаратты Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер жоққа шығарды. Айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина өңірге әлі жеткізілмеген, деп хабарлайды lada.kz.

«Вакцинаның бірінші партиясын аймаққа жеткізу 2021 жылдың 28-29 қаңтарына жоспарланған. Алғашқы жарты жыл ішінде вакцинациялау жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдемнің, санэпидқызмет мамандарының медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен педагогтер арасында жүргізіледі. Қайтыс болған азамат осы санаттардың ешқайсысына жатпайды», - деді департаменттегілер.

Өңірлік полиция департаментіндегілер 1978 жылы туған ер адамның қан қысымының көтерілуіне байланысты қайтыс болғанын хабарлады.

«Жалған ақпарат таратқандарға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын, немесе оларға қатысы бір жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатынын ескертеміз», - деді департамент өкілдері.

Серіктес жаңалықтары