Қала әкімдігі шет елдерден келген жолаушыларға қатысты соңғы 4 айдағы мәліметті жариялады
2020 жылғы 6 қазаннан бастап осы жылдың 18 қаңтарына дейін Алматы халықаралық әуежайына бортында 109 724 жолаушысы бар 773 рейс келді. Оның ішінде, 97 430 жолаушыда теріс нәтижесі бар анықтама болса, 12 294 жолаушыда тиісті анықтама болмаған.
Анықтамасыз келген жолаушылар келген жері бойынша стационарларға орналастырылып, ПТР-тестен өткен соң, олардың 79-нан коронавирус анықталған. Атап айтқанда, Түркиядан келген – 30, БАӘ – 18, Египет – 23, Беларусь – 5, Украина – 1, Мальдив – 2 жолаушыдан.
Сондай-ақ Алматы әуежайына тиісті анықтамасыз келген 31 шетел азаматы кері қайтарылған.