$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2021, 11:52
Қоғам

Вакцина салдырған адам үшін электрондық паспорт әзірленеді – Алексей Цой

Сол арқылы вакцина алған адамдарға кез келген жерде еркін жүруге мүмкіндік беріледі

Вакцина салдырған адам үшін электрондық паспорт әзірленеді – Алексей Цой
көрнекі фото

1 ақпанда басталатын коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны жүргізу жұмыстарына орай Денсаулық сақтау министрлігі біршама құжат әзірлеуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алексей Цой КВИ-ға қарсы вакцинациялауды іске асыру мақсатында қандай жұмыстар атқарылатынын тізіп шықты.

«Бүгін Қарағанды фармацевтикалық кешені мен Ресей тікелей инвестициялар қоры арасында «Спутник V» вакцинасының 20 мың дозасын жеткізу туралы шартқа қол қойылмақ. 20 қаңтарда бір реттік әкелуге рұқсат беру және арнайы сатып алуды өткізу үшін Денсаулық сақтау министрлігі атынан «СК-Фармацияға» хат жолдау жоспарлануда», - деді Алексей Цой.

Министр вакцинаны тасымалдау және сақтау регламентінің жобасы дайын екендігін айтты. Өңірлер мен медициналық ұйымдарға мұздатқыш жабдықтардың, термоконтейнерлердің, термоиндикаторларды сатып алу жөнінде бірқатар тапсырма берілген.

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі жүйелі есепке алу мақсатында вакцина салдырған жандар үшін электрондық паспорт әзірленгендігін мәлім етті. Яғни вакцинация жүргізу туралы деректер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электрондық форматта жүргізілетін болады.

«Пациент пен медицина қызметкері m-gov мобильді қосымшасы арқылы ақпаратты қолмен енгізуіне мүмкіндігі бар. Яғни осындай жаңашылдық арқылы азаматтар вакцинация алғаны туралы ақпартты ұсына алады. Жүйе жаһандық ақпарат жүйелерімен интергацияланады және вакцина алған адамдарға талап еткен жерге және кез келген жерде еркін жүруіне мүмкіндік беріледі», - делді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Еске сала кетейік, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталады. Жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа Covid-19-ға қарсы вакцина егу жоспарланып отыр. 

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары