$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.01.2021, 10:01
Жаңалықтар

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация басталады

Жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа Covid-19-ға қарсы вакцина егу жоспарланған

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакцинация басталады
Фото: ашық дереккөзден

1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өз баяндамасында ведомство басшысы нақты вакцина кімдерге тегін жасалатынын хабарлады.

«Коронавирустық инфекцияны жұқтыру және таралу қаупі жоғары медицина қызметкерлерін, педагогтерді, полицейлерді, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу органдары, қант диабеті тарапынан созылмалы аурулары бар адамдарды, медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингентін қоса алғанда, халықтың осал топтары коронавирустық инфекцияға қарсы тегін вакцинациялауға жатады», - деді Алексей Цой.

Белгілі болғандай, жыл соңына дейін 6 млн қазақстандыққа Covid-19-ға қарсы вакцина егу жоспарланған.

Сонымен қатар, бүгінде Қазақстан коронавирус инфекциясының таралуы бойынша сары аймаққа енді. Әлемдегі жағдай бойынша Ресей, Украина, Белраусь, Франция, Германия, Италия елдері қызыл аймақта. Аурудан жазылғандар саны 70 млн-ға жуықтаса, қайтыс болғандар 2 млн-нан асады. Жалпы жұқтырғандар саны 95 млн-нан көп.

«Елдегі жағдай бойынша ауырғандар саны 170 мыңнан ассса, емделіп шыққандар саны 155 мыңға жуық. 2 423 науқас қайтыс болды. 18 қаңтарда бір тәуліктің ішінде 999 адам ауырып, 7 адам көз жұмды», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары