$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2021, 15:52
Қоғам

«Бедеулікті емдеймін»: Алматыда өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған әйел қамауға алынды

Ол - бұрын сотталған және іздеудегі қылмыскер

«Бедеулікті емдеймін»: Алматыда өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған әйел қамауға алынды
фото: polisia.kz

Алматыда өзін медицина қызметкері ретінде таныстырған әйел баласыз жандарды бедеуліктен емдеуге уәде берген. Алайда, іс жүзінде Н.есімді азаматша 1986 жылы Қытайда туған, бұрын сотталған және іздеудегі қылмыскер.

«Алматы облысындағы әріптестеріміздің алаяқтық жасағаны үшін Н. азаматшаны іздегені анықталды. Белгілі болғандай, сот билігінен жасырынып жүрген қылмыскер тағы бірнеше заңсыз әрекет жасаған. Өзін медициналық мекемелердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған ол, азаматтарға бедеулікті емдеуге және гинекология саласындағы басқа да ауыр медициналық манипуляцияларға уәде беріп, ол үшін алдын-ала сыйақы талап еткен. Зардап шеккендермен кездескен кезде өзін «Алтынай» деп таныстырған. Қазір күдікті қамауда. Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша жүргізілуде. Біз оны одан басқа бірқатар алаяқтық әрекеттер жасады деп күдіктенеміз, сондықтан оның түрін көпшілікке жария етеміз», – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлім бастығы Ерлан Аянбаев.

Полиция басқармасындағылар алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген әйелдің суретін жариялап, оның әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса 295-54-61; 8-775-718-35-05 және 8-701-758-67-60 телефондар нөміріне хабарласуды ұсынды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #алаяқтық