$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.01.2021, 14:56
Қоғам

Қарағанды облысында эпидемиологиялық ахуал күрделі деп бағаланып отыр - ВАК

Қазақстанда 4 облыс пен 1 қала «қызыл» аймақта тұр

Қарағанды облысында эпидемиологиялық ахуал күрделі деп бағаланып отыр - ВАК
көрнекі фото: wikipedia.org

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының 18 қаңтардағы мәліметі бойынша, Қарағанды облысы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары» аймақта.

Облыс аумағында пандемия басталғалы барлығы коронавирус инфекциясын жұқтыр 12 782 тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші 899,8 құрады. Инфекция жұқтырғандардың 54,9% - індет белгілері болған, симптомсыз вирус тасымалдаушылар - 45,1% құрады.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, қазір өңірдегі эпидемиологиялық ахуалы күрделі деп бағаланып отыр, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың қатары күн санап көбеюде.

«Індеттің өршуіне жол бермеу мақсатында облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысындағы талаптарының сақталуын қатаң қамтамасыз ету қажет және жеке қауіпсіздік шараларын, яғни бетперде тағу, адамдардың жаппай жиналатын орындарға бармау, қолды жиі жуу, антисептиктерді пайдалану сияқты қарапайым шараларды сақтау керек», - делінген хабарламада.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу қаупі жағынан «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Алматы, Қарағанды, БҚО мен СҚО бар. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.

Серіктес жаңалықтары