$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.11.2019, 13:27
Қоғам

Халыққа да қиын, өзімізге де проблема - Еңбек министрі АӘК туралы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов табысын жасырған халықтан атаулы әлеуметтік көмекті күштеп қайтаруға қатысты пікірін айтты

Министр Нұрымбетов АӘК тағайындау және қайтаруға қатысты екі мәселеде жәрдемақыны мәжбүрлеп қайтарып алуды теріс деп есептейді.

«Бірінші жағдай, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған кезде адамдар өзінің ресми табысын жасырып қалған болса, онда әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалды деп есептеледі. Ол қаражат қайтарылуы керек.

Екінші жағдай, атаулы көмек тағайындалып, төленіп жатқан кезде бір өзгерістер болды делік. АӘК алты ай сайын және он екі айда жиналып, бір рет берілетін кездер болады. Алты айға, он екі айға тағайындалған атаулы әлеуметтік көмек келесі тоқсанда қадағаланады. Ол қаражатты не істедіңіз, сол алты айда табысыңыз өзгерді ме, азайды ма сол туралы есеп. Табысыңыз өзгерсе, ол туралы он күн ішінде тиісті органдарды хабарлау керек деген тәртіптер болды. Ал хабарлау уақыты он күннен асып кетсе, қате деп қабылданбады. Менің ұстанымым - біз әлеуметтік төлемді тағайындаған кезде шарттар, міндеттемелер мен есепті көбейткен сайын, соғұрлым халықты қинмаймыз. Өзімізге де проблема жасаймыз. Сондықтан, жаңа ережеде жәрдемақыны тоқсан сайын 18 жыл бойы төленетіндей еттік», - дейді министр.

Сондай-ақ министр табысын жасырып, АӘК алған отбасылардан төленген қаражатты күштеп алу туралы да пікірін білдірді.

«Егер атаулы әлеуметтік көмек алты айға тағайындалған болса, ал, жәрдемақы алып жатқан отбасының 4-5 айларында табыс көзі пайда болып, ол табыс атаулы әлеуметтік көмек алу құқығын жоятын болса, АӘК беру табыс пайда болған күннен бастап тоқтатылады. Мұндайда алты айдың қаражатын қайтар деп талап ету - заңсыз. Табысын жасырған адамға бірінші ерікті түрде қайтаруға мүмкіндік беріледі. Егер өз еркімен қайтармаса, заң арқылы мәжбүрлеп қайтарту керек», - деді Біржан Нұрымбетов.

Серіктес жаңалықтары