ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 800-ге жуық адамнан вирус анықталды

Павлодар облысының шекарасында коронавирустың 1 жағдайы тіркелді

Сондай-ақ шекарадан ПТР-анықтамасыз өткен ресейлік азаматтың елге кіруіне тыйым салынды

Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының Павлодар облысының аумағындағы бөлігінде 4 автокөлік өткізу пункті жұмыс істейді. Азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіледі, сондай-ақ шекарадан анықтамасыз өткен қазақстандықтарға ПТР-тестілеу жүргізіледі.

Өткен тәулікте шекарадан 246 азамат өткен, оның ішінде 140 жаяу жүргінші, 106 жүк көлігі жүргізушісі бар, 13 адам карантиндік стационарға орналастырылған.

«Қосақ» автоөткізу бекетінде екіжақты жүк тасымалдауды жүзеге асыратын алматылық тұрғыннан COVID-19-дың симптомсыз түрі анықталды.

Сондай-ақ, соңғы тәулікте ПТР тестілеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз ҚР шекарасынан өтпек болған Ресей Федерациясының азаматына елге кіруіне тыйым салынды», - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарламасында.

Шектеу шаралары енгізілген сәттен бастап Павлодар облысына 51 130 адам келген, 13 685 ПТР-тексеру жүргізілген, COVID-19-дың шеттен әкелінген 104 жағдайы тіркелген. Карантиндік стационарларға ҚР 1 889 азаматы орналастырылған. Анықтамасыз ел аумағына өтпек болған 746 шетел азаматтары шекарадан кері қайтарылды.