11.01.2021, 14:48
Қоғам
Мысырдан келген төрт жолаушыдан коронавирус анықталды
Олардың бәрі Қостанай қаласының әуежайына ұшып келген
көрнекі фото: aeroport.kz
10 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 23 халықаралық әуе рейсімен қазақстандық 2 655 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтама 2 283 жолаушыда болса, қалған 372 жолаушыда тиісті анықтама болмаған.
Оның ішінде:
- Алматы әуежайына – 12 рейс (1 531 жолаушы, анықтамамен - 1 375, анықтамасыз – 156);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 11 рейс (1 124 жолаушы, анықтамамен - 908; анықтамасыз – 216).
Тиісті анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-тестен өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Сондай-ақ 9 қаңтарда ПТР-анықтамасыз келген 247 Қазақстан азаматының төртеуінен коронавирус анықталды. Олар Шарм-эль-Шейх (Египет) қаласынан Қостанай әуежайына ұшып келген.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды