10.01.2021, 18:22
Қоғам
Сағат 18:00-ге дейін Қазақстанда сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді
Келесі ақпарат 20:00-де ұсынылады
көрнекі фото
Орталық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын дауыс берген сайлаушылардың белсенділігін жариялауда. Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Мәжіліс пен мәслихаттардың депутаттарын сайлауға тізімге енген сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берген. Бұл туралы ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев мәлімдеді.
Өңірлер бойынша 18:00-ге дейін дауыс беруге қатысқан қазақстандықтардың пайыздық үлесі төмендегідей:
- Ақмола облысы бойынша – 65,1%
- Ақтөбе облысы бойынша – 52,4%
- Алматы облысы бойынша – 66,5%
- Атырау облысы бойынша – 51,1%
- Батыс Қазақстан облысы бойынша – 57,7%
- Жамбыл облысы бойынша – 68,3%
- Қарағанды облысы бойынша – 65,2%
- Қостанай облысы бойынша – 69,1%
- Қызылорда облысы бойынша – 67,9%
- Маңғыстау облысы бойынша – 49,1%
- Павлодар облысы бойынша – 64,5%
- Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 69,8%
- Түркістан облысы бойынша – 59,9%
- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 67,2%
- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 44,0%
- Алматы қаласы бойынша – 27,7%
- Шымкент қаласы бойынша – 53,2%
Сайлау учаскесіне қанша дауыс беруші қатысқаны жайлы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де ұсынылады.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
Бүгін, 02:13
Қыздарына барып келе жатқан: ерлі-зайыпты Астана – Петропавл тас жолында жол апатынан қаза тапты
04.11.2026, 15:24
«Полиция формасын хэллоуинге теңеген»: әйел адам әзілдемеймін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:32
Қайғылы жағдай: Текеліде 11 жастағы қыз баланы экскаватор басып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды