$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2021, 13:13
Қоғам

Алматыда мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді

Мегаполистегі мемлекеттік мекемелерде 32 мың педагогикалық қызметкер жұмыс істейді

Алматыда мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді

Алматы мұғалімдерінің жалақысын көтеру үшін 30,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес биыл мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті.

Жалпы, төрт жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы екі есеге артады. Бірінші өсім 2020 жылдың 1 қаңтарында болды. Бұл шарамен мектеп мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері, колледждер, қосымша білім беру жүйесі қамтылды.

«2021 жылдың нақтыланған бюджеті аясында Алматы мұғалімдерінің жалақысын 25%-ға көтеру үшін республикалық бюджеттен 30,8 млрд теңге бөлінді. Мегаполистегі мемлекеттік мекемелер — мектептер мен колледждерде, балабақшалар мен интернаттарда, мектептен тыс ұйымдарда 32 мың педагогикалық қызметкер жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Бұлардан өзге, сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексеру, педагогикалық шеберлік, магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақылар қарастырылған. Айта кетерлігі, бұрындары магистр дәрежесі және тәлімгерлік үшін қосымша ақы төлеу болмаған, олар бірінші рет енгізіліп отыр, ал бұрынннан бар сынып жетекшілігі, дәптерлерді тексерудің қосымша ақылары екі есе өсуде.

 

Серіктес жаңалықтары