Жалақы төлемеген кәсіпорындарға 106 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен жылы еңбек инспекторлары 31 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғады

көрнекі фото

Өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 1184 кәсіпорынның 31 мың жұмыскер алдында 4,2 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешегі барын анықтады. Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуға міндетті 790 нұсқама беріліп, 106,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 31 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 4,2 млрд теңге төленді.   

Жалпы, өткен жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізіп, еңбек заңнамасын бұзған 6,1 мыңнан астам фактісі анықталып, 174,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.