Шетелден ұшып келген 215 жолаушыда ПТР-анықтама болмаған
5 қаңтарда Қазақстанға халықаралық рейстермен 2 мыңға жуық жолаушы келді
5 қаңтарда Қазақстанға Германия, Корея, Үндістан, Мальдив, Мысыр, Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 14 халықаралық әуе рейсімен 1 940 жолаушы келді. Шетелден келген қазақстандықтардың 1 725-інде теріс нәтиже көрсетілген ПТР-анықтама болса, 215 азаматта тиісті анықтама болмаған.
Оның ішінде:
Алматы әуежайына – 8 рейс (1 252 жолаушы, анықтамамен - 1 112, анықтамасыз – 140);
Нұр-Сұлтан әуежайына – 2 рейс (186 жолаушы, анықтамамен - 182; анықтамасыз – 4);
Ақтау әуежайына – 1 рейс (3 жолаушы анықтамамен келді);
Шымкент әуежайына – 1 рейс (206 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз – 56);
Қарағанды әуежайына – 1 рейс (143 жолаушы анықтамамен келді);
Атырау әуежайына – 1 рейс (150 жолаушы, анықтамамен - 135; анықтамасыз – 15).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 қаңтарында ПТР-анықтамасыз келген 162 қазақстандықтық бәрінде ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.