Күдікті азаматқа қатысты халықаралық іздеу жарияланған
Алматыда ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша тергеуге алынған «Ql-Trade Kazakhstan» ЖШС салымшыларын полицияға жүгінуге шақырды.
2020 жылдың 14 желтоқсанында Медеу аудандық Полиция басқармасына қаржы пирамидасын құру және басқару туралы ұжымдық өтінішпен аталған ЖШС-ның 99 салымшысы жүгінді. Бүгінде алаяқтық құрбаны болғандардың саны айтарлықтай өскен. Тіпті, алаяқтық құрбаны болдым деуші тұрғындар елдегі басқа қалалардан да анықталды.
«Күдікті азамат халықаралық іздеуде. Аталған ЖШС-ға салымшы болған азаматтарды Алматы қаласы Масанчи көшесі 55 мекенжайына келуге немесе 254-43-80, 254-49-82, + 7-777-250-68-37, + 7-707-555-50-87 немесе «102» телефондары арқылы хабарласуға шақырамыз», – деп түйіндеді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустем Абдрахманов.
Еске сала кетейік, бұған дейін «QI-Trade Kazakhstan» инвестициялық компаниясына ақша салған 4000 адамның алданып қалғаны жайлы хабарлағанбыз. Салымшылар аталмыш компанияның 26 және 45 жастағы екі жетекшісін үш айдан бері таппай жүр.