Қазақстанда «қызыл» аймақта тұрған бірде-бір облыс жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

«Сары» аймақта 7 өңір бар

Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 5 қаңтардағы елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Бағалау матрицасына сәйкес, республикада бірде-бір облыстың «қызыл» аймақта жоқ екені хабарланды. «Сары» аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, СҚО, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары тұр. Қалған өңірлердің бәрі – «жасыл» аймақта.

Айта кетейік, елімізде соңғы тәулікте 723 адам COVID-19 вирусын жұқтырды.