«Nur Otan»: Мәдени және рухани құндылықтарды сақтау парызымыз
Атырау облысында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге нұротандықтар күш салады
«Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен жетілдіру үшін жұмыс істейтін болады. Бүгінде Құрманғазы ауданында 18 ұлт өкілдері бар.
Аудан оңтүстік және құбыла батысында Ресей Федерациясының Астрахань облысының Володар, Красный яр, Қарабайлы аудандарымен шектеседі.
«Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:
- Ұлттық спорт түрлерін, дәстүрлі өнерді, соның ішінде айтысты дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бойынша күйші, сазгер Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл толуына орай халықтық фольклорлық ансамбльдердің облыстық байқауы өткізуге;
- Қазақстан халқының тілдерін дамытуға мақсатында үш тілді жетік меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» аудандық байқауы, «Тіл - барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің аудандық байқауы жобаларын іске асыруға;
- Ұлттық бірегейлікті қалыптастыруды және ұлттың мәдени кодын, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын насихаттауға;
- Аудандық архив ғимаратын салуға;
Өлкетану бағытындағы экспедицияларды қолдай отырып, Құрманғазы өлкесінің қасиетті жерлерін, оның ішінде Мақаш қорымы, Сейт ата қорымы, Кененбай үңгірі т.б. көрнекті орындарды насихаттау жұмыстарын жүргізуге ықпал етеді.
К.Мендигазиева, Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер.
«Nur Otan» партиясы Атырау облысы Құрманғазы ауданының сайлау қоры қаражатынан төленді