25.11.2019, 11:37
Қоғам
Қазақстандықтар қоғамдық көлікке қарағанда таксимен көбірек жүреді
Таксопарктердің қаңтар-қазан айларындағы табысы өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан
Фото: kz.utro.news
Автокөлік және қалалық электр көлігі кәсіпорындарының бір жылдық кірісі 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 204 миллиард теңгеден 222 миллиард теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі energyprom.kz – ке сілтеме жасап.
Ал автобустық парктердің табысы өткен жылғы көрсеткіштертерден 5% төмен.
Жолаушылар тасымалы секторындағы маңызды үлесті автобустар алады, ол 74,7 миллиард теңге табысты құрайды. Дегенмен автобустардың үлесі 92,4%-дан 88,3%-ға қысқарған.
Ал, такси қызметінің үлесі, керісінше 1,2%-дан 3,9%-ға дейін өскен. Осылайша таксопарктер табысы 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 3,3 миллиард теңгені құрады.
Көп оқылған
08.11.2026, 06:26
"Жаңа вирус": Вьетнамға ТМД елдерінен барған туристер белгісіз ауруға шалдығып жатыр
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды