$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.12.2020, 09:39
Қоғам

Жамбыл облысы: Байзақ ауданында нұротандықтар ауыл медицинасын көтеруге уәде етті

Өңірде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр

Жамбыл облысы: Байзақ ауданында нұротандықтар ауыл медицинасын көтеруге уәде етті

«Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Гулам Умаров, Сұлтан Өсербаев және Байзақ аудандық маслихат депутатығына кандидат Шолпан Байтақова Байзақ ауданы Дихан ауылындағы тұрғындардың үйіне барып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткерлер «Nur Otan» партиясының азаматтардың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әрбір адамның таза суға, ауаға және сапалы инфрақұрылымға қол жеткізуін қолдайтынын айтты.

«2023 жылы Байзақ ауданында аудандық емхана салынады. Өңірде медициналық қызметтерге қолжетімділік артып, 685 бірлік медициналық жабдық сатып алынады. Оның ішінде, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау бөлімшесі үшін құрал-жабдықтар сатып алынатын болады. Сондай-ақ, ауылдық елдімекендердегі оқу орындарының маңындағы көшелер жарықтандырылып, ауданда 1 өрт сөндіру бекеті құрылып, өз жұмысын бастайды. Өңір тұрғындарының мәселелерін ашық талқылау және шешу үшін алаң ұйымдастырылмақ», - деді кандидат Гулам Умаров.

Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей, 2025 жылға дейін облыстың барлық аудандарында 1,2 мың шақырым автожолдар салынады және орташа жөндеуден өтеді. Нәтижесінде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100%-ға дейін жетпек. Бұған қоса, облыстағы 8 ауданда 107 ауылдық елдімекен газбен жабдықталады.

Кездесу соңында тұрғындар ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғыстарын жеткізді. Сонымен қатар сайлауға белсенді қатысатындықтарын тілге тиек етіп, саяси аренадағы салмағы бөлек «Nur Otan» партиясын таңдайтындарын айтты.

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Серіктес жаңалықтары