Алматылықтар мереке күндері де санитарлық талаптарды ұстануды ұмытпауы тиіс
Алматыда мереке күндері қоғамдық көліктер кестеге сәйкес жұмыс істейді.
«Алматы қаласындағы қоғамдық көліктер, оның ішінде метро 1-4 қаңтар аралығы мен 7 қаңтар күні кестеге сәйкес таңғы сағат 06:00-ден түнгі сағат 23:00-ге дейін қатынайтын болады», - деп хабарлады Almaty Avtobustary.
Сонымен қатар, алматылықтарды мереке күндері де санитарлық талаптарды ұстануды ұмытпауға шақырды.