Ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды
Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов қазақстандықтарға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үндеу жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Құрметті қазақстандықтар. Вируспен күресуді және алдын алу шараларын білгенімізбен, қауіп әлі сейілген жоқ. Коронавирус инфекциясының өршуі көбіне адам көп жиналған орындарда шығып жатады. Сондықтан жабық ғимараттарда, үй-жай ішінде ұзақ уақыт бірге болуға, іс-шаралар ұйымдастыруға болмайды», - деді вице-министр ОКҚ-да өткен брифингте.
Жаңажылдық мереке қарсаңында вице-министр коронавирустың алдын алу шараларын сақтауға шақырды. Олар:
Вице-министр алдағы мереке эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына, вирустың қайта өршуіне әкелмеуі керек екенін айтты.
«Жаңа жыл – отбасылық мереке. Сіздерді мерекені бірге тұратын жақын жандармен ғана қарсы алуға шақырамын. Құрметті қазақстандықтар, пандемия әлі жалғасып жатқанын тағы еске саламын. Вирус әлі жеңілген жоқ. Міндетті түрде бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық және гигиена талаптарын сақтауды ұмытпаңыздар», - деп толықтырды Шоранов.
Сымбат Ғалымжанқызы, Нұр-Сұлтан