$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.12.2020, 14:36
Қоғам

Оқу жылы басталғалы 3,6 мың оқушы коронавирус жұқтырды

Коронавирус жұқтырғандардың үштен екісі – қашықтан оқитындар

Оқу жылы басталғалы 3,6 мың оқушы коронавирус жұқтырды
көрнекі фото: akorda.kz

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, оқушылар арасында коронавирус жұқтыру жағдайы өскен. Оқу жылы басталғалы 3658 оқушының коронавирус жұқтырғаны анықталған.  

COVID-19 жұқтырған оқушылардың басым көпшілігі Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында - 994 жағдай, қашықтықтан оқитын балалар арасында - 2 664 жағдай тіркелген.

Одан бөлек, вице-министр коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл», «сары» және «жасыл» аймаққа кірген облыстарға ерекше карантиндік талаптар қойылатынын айтты.

«Сары» аймаққа кірген облыстарда мейрамханаға 30-50 адамға дейін жиналуға рұқсат етілген. Ал «қызыл» аймаққа кірген облыстар мен қалаларда бұл көрсеткіш 30-ға дейін ғана шектелген. Сондай-ақ ауқымды, ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

Серіктес жаңалықтары