$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2020, 20:40
Қоғам

«Nur Otan» партиясының мүшелері жас кадрлардың Павлодар облысынан кетуі мәселесіне назар аударды

Сайлауалды науқан аясындағы үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

«Nur Otan» партиясының мүшелері жас кадрлардың Павлодар облысынан кетуі мәселесіне назар аударды

Павлодарда «Nur Otan» мүшелері Жарқынбек Амантай, Павел Горбачев, Гүлмира Олжатай мен Гүлзира Атабаева «ТАНДЕМ-ПВ» ЖШС ұжымымен кездесіп, қала тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған жоспарларымен таныстырды. Мәселен, партия бастамасымен 2023 жылға дейін облыс көлемінде 400-ден астам аула мен 50 шақырымға жуық кәріз құбырлары жөнделеді.

«ТАНДЕМ-ПВ» ЖШС жұмыскерлері, өз кезегінде, сауалдарын жолдап, оған тиісті жауап алды.

«Негізінен аманаттар мен өтініштерді екі топқа бөлуге болады: бірі орталық атқарушы органдар тарапынан шешілетін мәселелер болса, қалғандары павлодарлықтар жиі көтеретін ТҮКШ секілді жергілікті деңгейдегі сұрақтар, – дейді депутаттыққа кандидат Гүлзира Атабаева. – Кадрлардың шетелге көшіп кетуі де өзекті мәселе. Біздің мақсат – жас мамандарымыз кәсіпорындарымызда жұмыс істеп, өңір экономикасына үлес қоса алатындай жағдай жасау».

Дәл осы күні депутаттыққа үміткер Жарқынбек Амантай мен Ғабит Хафиз белгілі жазушы Арман Қанидің үйінде қонақта болды. Партиялықтар Қазақстан Жазушылар одағы мүшесін 10 қаңтарда өтетін сайлауға шақырып, партиялық жұмыстың басым бағыттарын айтып берді. Олардың сөзінше, «Nur Otan» қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарымызды насихаттауды жалғастырады.

«Жұртшылық тарапынан өтініштер келіп түсуде. Партияның ұстанымы да сондай – халықпен бірге болу, халықтың мұң-мұқтажын тыңдау. Мәселен, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге қатысты сұрақтар жиі көтеріледі. Одан басқа жастарды жұмыспен қамту, жас кәсіпкерлерді қолдауға қатысты сауалдар келіп түседі. «Nur Otan» осы және өзге де маңызды мәселелердің шешуімен айналыспақ», - дейді Жарқынбек Амантай.

Кездесу соңында жазушы жас партия мүшелеріне ақ батасын беріп, сайлауда сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Павлодар облысы Қоры қаражаты есебінен төленді.

Серіктес жаңалықтары