24.12.2020, 10:54
Қоғам
Щучинскідегі балабақшада бүлдіршіндерге жәбір көрсеткен тәрбиеші жұмысынан қуылды
Оқиға «Мерей» балабақшасының филиалында болған
скриншот: видео
Әлеуметтік желіде балабақшада бүлдіршіндерге жәбір көрсеткен қызметкерлер түсіп қалған видео жарияланды. Видео авторының айтуынша, оқиға Щучинск қаласындағы «Мерей» балабақшасының филиалы «Ағажан» шағын орталығында болған.
Бір эпизодта тәрбиеші баланың астынан орындықты әдейі алып, бүлдіршін иегімен үстелге соғылады. Тағы бір көріністе тәрбиеші ұйқысы келмей жатқан балаларды күштеп төсектен тұрғызып, 8-10 минут бойы бұрышқа тұрғызып қойған.
Ақмола облысы білім басқармасы осы жағдайға қатысты тексеріс болатынын айтты. Оған Бурабай ауданы білім бөлімі мен прокуратура қызметкерлері қатысады. Арнайы комиссия құрылған, тәрбиеші жұмысынан шеттетілген.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті