20.12.2020, 10:54
Қоғам
Ыстамбұлдан ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Олар 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан әуежайына ұшып келген
Көрнекі фото: informburo.kz
19 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Швейцария, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 18 халықаралық әуе рейспен 2 008 қазақстандық ұшып келді. Оның ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 1 771 адам, анықтамасыз 237 адам келген. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.
- Алматы әуежайына – 13 рейс (1 331 жолаушы, анықтамамен – 1 183, анықтамасыз – 148);
- Нұр-Сұлтан әуежайына – 4 рейс (499 жолаушы, анықтамамен - 438; анықтамасыз – 61);
- Қостанай әуежайына – 1 рейс (178 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз – 28).
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.
18 желтоқсанда тиісті анықтамасыз ұшып келген 210 қазақстандықтың екеуінен ПТР-талдау нәтижесі бойынша коронавирус анықталған. Олар Нұр-Сұлтан қаласына Ыстамбұлдан ұшып келген.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты