Аса ірі көлемдегі контрабандалық іс бойынша үкім шығарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Халық тұтынатын тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізген азамат айыппұл төлейді

Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдері «ОсОО «Экспресс-Груз» ЖШС директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы, 2-бөлігі, 4-тармағы бойынша (аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда) халық тұтынатын тауарларды кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактісі (тоқыма, құрылыс және тұрмыстық керек-жарақтар) бойынша тергеуді аяқтады.

Қытайдан Қазақстанға «Алтын көл» кеден бекеті арқылы теміржол контейнерлерімен әкелінген декларацияланбаған тауарлардың кедендік құны 53,3 млн теңгені құрады.

Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 234-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекет оған мүлкін тәркілеумен 3,7 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындады.