$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.12.2020, 00:17
Қоғам

Түркістан облысында 50-ге жуық отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік мерекесіне орай тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға пәтер кілті табыс етілді

 

Түркістан облысында 50-ге жуық отбасы баспаналы болды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Түркістан облысының Төлеби ауданында 46 отбасы баспаналы болып, қуанышқа кенелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

«Заң талаптары бойынша тұрғын үй кезегінде алғашқы болып тұрған 46 отбасы жаңа шаңырақтарына кірді. Олардың ішінде 21 отбасы – әлеуметтік жағынан осал топтар, 6 – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 9 – көпбалалы отбасы және 11 – мемлекеттік қызметкерлер», - делінген хабарламада.

Жаңа баспанаға ие болған аудан тұрғындарының қатарында 7 баланың анасы, 2 рет егіз балаларды дүниеге әкелген А.Бектұрғанова да бар.  

Айта кетерлігі, бүгінгі күнге Төлеби ауданы бойынша барлығы – 3 879 тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезекке тіркелген. Оның ішінде: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатында – 293, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары санатында – 1770, көпбалалы отбасылар санатында – 385, мемлекеттік, әскери және бюджеттік мекеме қызметкерлері санатында – 1431 азамат тіркелген. Сондай-ақ, 2021 жылы 20 пәтерлік 9 дана көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 180 отбасыны тұрғын үймен қамту жоспарлануда.

Серіктес жаңалықтары