$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.12.2020, 23:11
Қоғам

Алматыда жаңа сауда-өндірістік орталығы ашылды

Сауда орталығында отандық және шетелдік өндірушілердің азық-түлік өнімдері ұсынылады

 

Алматыда жаңа сауда-өндірістік орталығы ашылды

Алматыда 16 желтоқсан Қазақстан Ресубликасының Тәуелсіздік Күнінің құрметіне Әуезов ауданында орналасқан сауда-өндірістік орталығының ашылуы өтті. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған нысанның құрылысына салынған инвестициялар 1,5 млрд тг құрады, оның 700 млн тг «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алынды. Барлығы 435 жұмыс орны құрылады.

Сауда орталығында отандық және шетелдік өндірушілердің нан-тоқаш өнімдері, бакалея өнімдері, жемістер, көкөністер, ет, балық және т. б. тауарлардың кең ассортименті ұсынылады.

«Осы сауда-өндірістік орталығында біз жергілікті өндіріс тауарларын: фермерлік және ауыл шаруашылығы, көкөністер, жемістер және т. б. таратумен айналысатын боламыз. Сондай-ақ, Еуропада өндірілген тауарлар ұсынылады. Біз арнайы зертханамен келісім жасастық, ол тауарларды ГМО-ға тексерумен айналысады және сертификаттарға қарайды», — деген «Керуен» сауда-өндірістік орталығының басшысы Ерлан Сұлтанов бұл «Бизнестің жол картасы» аясында осы ауданда ашқан үшінші жобасы екенін атап өтті.

Өз кезегінде, сауда-өндірістік орталығының басқарушы директоры Берік Абылқанов орталықтың ерекшелігі жалға алушылардың көпшілігі өз өнімдерін қолайлы бағамен ұсынатындығында екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда бізде барлық жалға беру орындары бос емес, барлығы толтырылған, осы аптада біздің сауда-өндірістік орталығымызды толығымен іске қосуды жоспарлап отырмыз. Мұнда ыңғайлы сауда үшін барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, біздің сөрелерге тікелей тауар өндірушілердің өнімдері қойылады. Тұрғындар үшін бұл баға мен сапа жағынан да тиімді», — деді ол.

Ғимараттың аумағы 7264 шаршы метрді құрайды, мұнда 234 сауда орны орналасады. «Керуен» сауда-өндірістік орталығы Жетісу-4, 32 мекенжайы бойынша орналасқан.

Жалпы, қалада пандемияға қарамастан бизнесті қолдау шаралары белсенді түрде көрсетілуде. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша барлығы 77,6 мың жаңа жұмыс орны, оның ішінде 36,9 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлік субъектілерімен 29,8 мың жұмыс орны құрылды. Барлық мемлекеттік бағдарламалар аясында 47,8 мың, оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2025» бойынша 3540 жұмыс орны құрылды.

Серіктес жаңалықтары