$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.12.2020, 22:23
Қоғам

Қызылорда облысында екі ауылға емхана салынады

«Nur Otan» партиясы атынан  облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті

 

Қызылорда облысында екі ауылға емхана салынады

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Nur Otan» партиясы атынан  облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Мінажадин Өтеев, Тілеп Ибадулла, Әділбек Сарабеков, Роза Асанова, Ғалымбек Баймаханов және Рабиға Қарымсақова Қазалы ауданының тұрғындарымен кездесті.

Партия өкілдері халықтың мұң-мұқтажы мен өзекті проблемаларын саралады. Аудан тұрғындары партия мүшелерімен кездесу барысында өз ойларымен  бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді.

Басты мәселелер - егістік алқаптардағы су тапшылығын жою, жастарды жұмыспен қамту, елді-мекендерді өркендету турасында сөз қозғалды.

«Облыстың 19 елді мекенін газбен қамтамасыз етіледі, оның ішінде Қазалы қаласы да бар. Партия 27 жаңа денсаулық сақтау нысандарының құрылысын аяқтауды мақсат етіп отыр. Оның ішінде Қазалы ауданы,  Әйтеке би кентіндегі аудандық емхананың құрылысы да бар. Облысымызда 23 ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүреді. Қазалы ауданының Бозкөл, Қаукей ауылдары да қамтылған. Сондай-ақ Қазалы ауданында да ресурстық инклюзивтік орталық ашу жоспарланған»,  - деді үміткерлер.

Сонымен қатар,  партия мүшелері қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен таныстырды. Партияның жетістігін және ел мүддесі үшін жасап келе жатқан жұмыстарын айтып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Серіктес жаңалықтары