14.12.2020, 13:12
Қоғам
Мереке күндері Нұр-Сұлтанда қоғамдық көліктер қатынай ма?
Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Мереке күндері, атап айтқанда 16-19 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктер қалыпты жұмыс істейді.
18 желтоқсандағы жұмыс күні 20 желтоқсанға ауыстырылды. Осыған орай жексенбі күні қоғамдық көлік сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмысын жалғастырады.
Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Автобусқа тек алдыңғы есік арқылы кіру қажет. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз, яғни көлік картасы, SMS, QR-код арқылы төленеді.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
