14 желтоқсаннан бастап автобустар қайтадан қалыпты кестеге сәйкес қатынайды
Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы CTS компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеуді сұраймыз», - деп хабарланды.
Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.