Ол Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына халықаралық рейспен келген
10 желтоқсанда Қазақстан аумағына Германия, Мальдив, Египет, БАӘ, Түркия, Украина, Ресей, Беларусь және Өзбекстаннан 21 халықаралық әуе рейсімен 1 668 жолаушы келді. Шет елдерден келген 1 530 адамда теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамасы болса, 138 адамда тиісті анықтама болмаған. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 6 қала халықаралық рейстерді қабылдаған:
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 139 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті. 9 желтоқсан күні анықтамасыз келген 115 адамның ПТР сынамалары да теріс нәтиже көрсетті.
Сонымен қатар, Ташкент қаласынан ұшып келген Өзбекстан азаматы ПТР-тестен өткені туралы мерзімі өтіп кеткен анықтама ұсынуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды.