ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 2549 адамнан коронавирус анықталды

Атырауда ірі балық шаруашылығы жұмысшыларға жалақы төлей алмай отыр

100-ге жуық адамның еңбекақы алмағанына екі айдан асыпты

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда ірі балық шаруашылығы жұмысшыларға жалақы төлей алмай отыр. Маусымдық жұмысқа тартылған 100-ге жуық адамның еңбекақы алмағанына екі айдан асыпты, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

«Маған 250 мыңдай қарызы бар. Бізге ескерткен жоқ.  Кірген кезде келісім-шарт береміз деген,  бірақ берген жоқ. Компанияда ақша жоқ дегенге сенбеймін», - дейді жұмысшылардың бірі Мейрамбек  Құқсайынов.

Ал серіктестік директоры пандемия кесірінен табысымыздан қағылдық деп ақталды.

«Шетелдің бәрі жабық тұр. Біз Ресей, Украина жақсы алатын еді.  Еуропа алатын еді. Экспортпен Еуропаға да шығарамыз ғой.  Бүкіл көрсеткіштер экспорттың азайды шыны керек. Осы күзгі маусым өте нашар болды. Балық та дұрыс болмады. Себебі Жайықта су жоқ. Жайықта су болмаған соң балық кірмейді», - дейді Сәбит Сағидоллаұлы.

Айта кету керек. Аты дауға ілікке кәсіпорын, кезінде дүркіреп тұрған балық шаруашылығының бірі еді. Ол шетелге жылына 3 мың тонна балық экспорттайтын. Өткен жылы ғана 1200 адамды жұмыспен қамтып отырған мекеме, биыл 100 адамның жалақысын төлей алмай дал болып отыр.