Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген екі мемлекеттік қызметкер анықталды
Оның бірі – ішкі істер органдарының маманы
Бүгін Сенат депутаттары Еңбек кодексіне және мемлекеттік қызмет туралы заңға түзетулер енгізілген құжатты бірінші оқылымда қабылдады. Заңға енгізілген түзетулер:
- квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдардың жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салуды бекіту;
- мемлекеттік қызметшілердің және квазимемлекеттік мекемелердің басшыларында қос азаматтық анықталған жағдайда оларды жұмыстан босату.
Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди қос азаматтықпен ұсталғандардың арасында мемлекеттік қызметшілер де барын айтты. Оның айтуынша, Павлодар облысында қос азаматтықпен ұсталған мемлекеттік қызметші ішкі істер органдарының маманы болып шықты.
«Биыл он бір айдың ішінде қос азаматтыққа қатысты 431 факт тіркелді. Соның ішінде Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарында екі мемлекеттік қызметшінің қос азаматтықпен жүргені анықталды», - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, Қазақстан қос азаматтыққа жол берілмейді, яғни шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан азаматы бола алмайды.