$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.12.2020, 12:40
Қоғам

Биыл 200-ден астам шетелдік Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен

Олардың көбі жалған құжат анықтамасын ұсынған

 

Биыл 200-ден астам шетелдік Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен
Фото: ашық дерек көздерден

Қазақстанға келетін шетелдіктер арасында шекараны заңсыз кесіп өтетіндер саны азаймай отыр. Көлік прокурорлары 100-ден астам заңсыз кесіп өту фактісін анықтады.

Үкімет жанындағы Ведомствоаралық комиссияның шешімімен 13 мамырдан бастап шетелдіктердің елге кіруіне  шектеу қойылды. Негізінен, медициналық мекемелерге емделуге келетін азаматтарға рұқсат бар.

«Көлік прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесімен Тәжікстанның 232 азаматы үшін Қазақстанның медициналық мекемелерінде емделгені туралы жалған медициналық анықтамалар беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері анықталды. Прокуратураның бастамасымен Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оны тергеу Алматы қаласы әуежайының Желілік полиция бөліміне тапсырылды. Шетелдіктерге қатысты Қылмыстық кодекстің 392-бабы (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша фактілерді СДТБТ-де тіркеу қарастырылып жатыр», - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз орталығы. 

Серіктес жаңалықтары