Қалың қар жауып, жел тұрады – үш күнге арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады

Фото: ашық дерек көздерден

«Қазгидромет» РМК 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және ел аумағы бойынша ауа температурасы төмендейді. Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады. Шығыста қатты қар жауып, жел күшейіп, боран соғады», - деп хабарлады синоптиктер.

Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.