Павлодар облысының үш қаласында оқушылар түгелдей қашықтан оқуға ауысады

Өңірдегі қосымша білім беру орталықтары мен үйірмелер бір ай карантинге жабылады

 
Павлодар облысының үш қаласында оқушылар түгелдей қашықтан оқуға ауысады

Павлодар облысының үш қаласында, яғни Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында 7-31 желтоқсан аралығында бастауыш және орта мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқуға ауысады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Карантин режимі білім беру орталықтарына, үйірмелерге және мектептен тыс қосымша білім беру объектілеріне де қолданылатын болады.

«Бұл шаралар Павлодар облысының КВИ таралу қаупі бойынша «қызыл аймақта» орналасуына байланысты қабылданып отыр. Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 780 жағдай тіркелді, оның 4 423-і – Павлодар қаласына, 829-і – Екібастұз қаласына және 526-ы Ақсу қаласына тиесілі», - деп мәлімдеді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

Сонымен қатар, соңғы 3 айда облыста COVID-19-бен 30-ға жуық оқушы ауырып қалған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.