Қостанай облысында қатаң карантин шаралары ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірдің бас санитар дәрігер шектеу шараларын 7 желтоқсанға дейін ұзартты

Фото: astana.gov.kz

Қостанай облысында қатаң карантин режимі 2020 жылғы 7 желтоқсанға дейін ұзартылады. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Қостанай облысының бас дәрігері өңірдегі шектеу шаралары туралы қаулыға толықтырулар мен өзгерістер енгізді.

«Қаулы 2020 жылғы 09 қараша сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді және 2020 жылғы 07 желтоқсан сағат 00:00-ге дейін қолданылады», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін облыста COVID-19 жұқтырғандар санының артуына байланысты карантин шаралары 30 қарашаға дейін ұзартылған болатын.